Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Сәуір, 2021

462

Павлодарда өткен Аналар кеңесі отырысында отбасында орын алып жатқан көптеген мәселе сөз болды

Павлодар қаласының Досық үйінде өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесінің басқосуы өтті. Облыстық Аналар кеңесінің жыл бойы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, Ақтоғай мен Павлодар ауданының Аналар кеңесі төрайымдарының «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Отырыста қоғамды алаңдатып отырған, әсіресе ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әйел адамның отбасындағы орны, қыз бала тәрбиесі, отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғаларының белең алуы секілді мәселелер кеңінен талқыланды.


Өңірлік ҚХА Аналар кеңесі, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Медиация орталығы, Павлодар облысы Кәсіпкер әйелдер қауымдастығы арасында үш жақты әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Шара соңында елді-мекеннен келген аналар Д.П.Багаевтың музей-үйіне барып, жас фотограф Р.Әнуарбековтің «Қазақстандықтар» атты фотокөрмесін тамашалады.

Кейін қарай