23 Қараша, 2022
176
Павлодар қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренингі өтті
2022-жылы 23-қарашада Павлодар қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренингі өтті.
Іс-шара ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ.
Семинардың мақсаты - этносаралық қақтығыстардың алдын-алу саясатын дамытуға ықпал ететін медиацияны пайдалану әдістері мен тетіктерін оқыту, оны реттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға байланысты қоғамдық ұйымдардың қызметінде жаңа нысандарды іздеу.
Семинарға ауыл әкімдері, білім беру жүйесінің өкілдері (мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ЖПҚ өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары), этномәдени бірлестіктердің, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының өкілдері, медиаторлар және 50 тыңдаушы қатысты.
Семинар-тренинг барысында «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Талғат Қалиев «Этномедиацияның тарихы мен даму принциптері, жанжалды жағдайларды шешудегі этномедиация әдістері» тақырыбында сөз сөйледі. Одан соң сөз алған «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығы» ЖШС директоры, клиникалық психолог Резеда Баймұхаметова «Этносаралық қақтығыстар: этномедиациядағы белгілі бір этникалық диспозициялардың ерекшеліктерін түсіну арқылы жекелеген этнофорлар, этникалық топтар арасындағы этносаралық қатынастардың ерекшеліктерін түсінудің түрлері, психологиялық ерекшеліктері және қолданылуы» тақырыбын тарқатты. Ал «Демеу» еріктілер корпусының жетекшісі, «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» ЖШС директорының орынбасары, тренер Имир Дулатов «Этномедиацияның мәні мен рөлі, этносаралық қақтығыстардың пайда болуының мәні, алғышарттары мен оның түрлері» тақырыбында тренинг өткізді.
Тыңдаушылар пікірталастарға белсенді қатысты. Сондай-ақ, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті, этносаралық қатынастардағы медиацияның нормативтік-құқықтық базасымен, мәдениетаралық дамудың негізгі қағидаттары мен перспективаларымен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ОРАЛДА «ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
-
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде ҚХА Төраға орынбасарының Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының өкілдерімен кездесуі өтті
-
Республикалық Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты интеракция бойынша конференция өтті
-
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Халық партиясымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
23 Қыркүйек, 14:38
ШЫМКЕНТТЕ ӨЗБЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КҮНДЕРІ АТАП ӨТІЛДІ
22 Қыркүйек, 17:26
Республикалық әдістемелік кеңесінің онлайн-отырысы
20 Қыркүйек, 22:04
Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективаларын талқылады
19 Қыркүйек, 19:18
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
22 Қыркүйек, 20:04