Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Маусым, 2021

26

Қостанайда «Менің елімнің туы» патриоттық акциясы аясында флешмоб өтті

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері пазлдарды құрастыру арқылы елдігіміздің, егемендік пен біртұтастықтың белгісі болып табылатын Мемлекеттік туды жасап шығарды.


Мемлекеттік рәміздер күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған флешмоб «Менің елімнің туы» патриоттық акциясының аясында ұйымдастырылған болатын.

Этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты мен еріктілер қозғалысы орталығының белсенді мүшелері облыс әкімдігінің алдындағы алаңда жиналып, Мемлекеттік рәміздерді құрметтейтіндігін көрсетті.


Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы патриоттық тәрбиені қалыптастыруға, Мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға бағытталған эстафетаны Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілікті танытуға ниетті азаматтарға табыстайды.

Эстафетаға қатысу үшін #меніңтуым #моифлаг #Qazaqstan30 хэштегін пайдаланып, әлеуметтік желілерде жариялау қажет.


Кейін қарай