06 Желтоқсан, 2024
209
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
Қостанай облысы әкімдігі ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Наталья Рамазанова атап өткендей, қоғамдық медиаторлардың биылғы қызметі өте жемісті болды: этномедиация институтын дамыту бойынша 74 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп, облыс тұрғындарымен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған 237 кездесу ұйымдастырылды, 6 жоғары оқу орны, 10 арнайы орта оқу орындарында этномедиация бойынша шолу дәрістері оқылып, әлеуметтік желілерде 40 мыңнан астам қаралым жинаған 48 жарияланым орналастырылды.
ҚХА медиаторлары мектеп оқушыларымен де ауқымды жұмыс атқарды. «Мектеп этномедиациясы және халықтық дипломатия» оқыту семинар-тренингтері аясында жалпы білім беретін мектептер базасында 8 кездесу өткізілді.
Сондай-ақ, аудан орталықтарының белсенді жастары, ақпараттық-түсіндіру топтарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері үшін этносаралық қақтығыстарды шешу және алдын алу дағдыларын дамыту бойынша 2 үлкен семинар-тренинг өткізілді.
Кездесу барысында Этномедиация кеңесінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Мысалы, тәжірибе алмасу үшін медиаторлар клубын құру, мектеп оқушыларымен нәтижелі жұмыс атқару үшін білім басқармасымен меморандумға қол қою, ауылдық округтерде медиаторлар үшін көшпелі семинарлар ұйымдастыру, этномедиация тақырыбы бойынша қызықты подкасттар түсіру.
Іс-шара соңында Этномедиация кеңесінің белсенділері облыстық ҚХА алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32