Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Сәуір, 2024

111

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Біздің елімізде әрқашан бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын, ал әрбір үйде бақыт пен амандық болсын!

Бүгінде еліміз үшін күрделі кезеңде Қазақстан халқы жұдырықтай жұмылып, бауырластық пен ынтымақтастық танытып, бір-біріне көмек қолын созуда.

«Жүректен жүрекке» жобасы аясында ҚХА мүшелері, «Ассамблея жастары» және ҚХА еріктілер орталықтары зардап шеккен өңірлерге тұрақты түрде гуманитарлық жүктер, азық-түлік өнімдері, бірінші кезектегі қажетті заттар, жылы киімдер жөнелтіп, көмек көрсетіп жатыр. Осы қиын кезеңде біз біртұтас болуымыз керек!

Ораза айт мерекесімен! Бір-бірімізге деген ізгі тілектеріміз қабыл алсын!

Кейін қарай