Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2021

298

Оралдық студенттер алғыс айтты

Орал қаласының Достық үйінде Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, жас ұрпаққа өткенді ұғындырып, атаулы күннің мән-мазмұнын түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі мен М.Өтемісов атындағы БҚУ «Мәдени-демалыс жұмысы» кафедрасының студенттерімен онлайн кездесу өткізілді.

Шара барысында БҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманалина Алғыс айту мерекесінің тарихына тоқталып, өскелең ұрпақты толеранттылыққа, бір-біріне құрмет пен достыққа тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында студенттер қазақ еліне деген алғысын жеткізіп, патриоттық әндер орындады.

Кейін қарай