Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қаңтар, 2022

271

Қоғамдағы экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу жолдары талқыланды

2022 жылғы 28 қаңтар күні ZOOM платформасында онлайн режимінде «Қоғамдағы экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу және оларға қарсы күрестің ерекшеліктері» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Семинарға этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың, «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Онлайн семинар модераторы теология ғылымдарының докторы, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі, PhD докторы Челидзе Расим Алиевич болды.

– Халықтың бірлігі, Қазақстанның егеменді дамуы мен тәуелсіздігі идеяларына деген шынайы сенім қоғамның топтасуы мен еліміздің ілгерілеуі үшін қуатты іргетас болып табылады деп есептеймін. Білім беру арқылы мәдениеттің әралуандылық рухын нығайту қажет, сондай-ақ терроризм мен экстремизмді қандай да бір дінмен, мәдениетпен, этноспен ұштастыруға жол беруге болмайды, – деді Р. Челидзе.

Сонымен қатар, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, қоғам қайраткері Жакупов Жанділда Ажығалиұлы экстремизм мен терроризмнің шығу себептері, оның түрлі көріністері және қоғамдағы өзекті мәселелері бойынша сөз сөйлеп, семинар тыңдаушыларының назарына қазіргі қоғамдағы экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуы тақырыбында слайд пен видеороликтер көрсетті.

Семинар соңында тыңдаушылар өзара пікір алмасып, тиісті тұжырымдар мен қорытындылар жасады.

Кейін қарай