Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2021

282

Нұр-Сұлтанда Науаидің 580 жылдығына арналған рухани кеш өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Өзбек этномәдени орталығы елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Халықаралық ана тілі күніне және өзбек ақыны, ойшылы Низамеддин Мір Әлішер Науаидың 580 жылдығына арналған «Шығыс жұлдызы – Науаи» атты халықаралық рухани кеш өткізді.

Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Елшілігінің және "Дустлик" республикалық өзбек этномәдени орталықтар қаумдастығының "Ижодкор" әдеби бірлестігінің қолдауымен өтті.

Рухани кештің мақсаты – түркі тілдес ақындар мен ойшылдардың әдеби мұрасын насихаттау.

Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақындар, этномәдени қоғамдық ұйымдардың басшылары, ЖОО студенттері және басқа да қонақтар қатысты.

Шараның соңында Нұр-Сұлтан қаласы Өзбек этномәдени орталығы ұйымдастырған «Шығыс жұлдызы – Науаи» атты челленджге қатысушыларды онлайн марапаттау рәсімі өткізілді.

Кейін қарай