
20 Желтоқсан, 2020
181
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «ANK livе» студиясы ашылды
Елордалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медальдарын тапсыру салтанаты өтті. Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұрат төсбелгілерді тапсыру рәсімінде қалалық Ассамблеяның індет кезіндегі еңбегін атап өтіп, қала халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Достық үйі еліміздегі қаншама ұлт өкілдерін бір арнада тоғыстырып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының пандемия кезінде елдің дамуына қосқан үлесі жоғары. Халық үшін қызмет еткендердің еңбегі елену қажет. Төтенша жағдайда қаншама қызмет түрлері көрсетілді. Жалпы, «ANK livе» студиясы 3 айдан бері қала игілігіне жарап келеді. Дегенмен міне, бүгін Достық үйіндегі игі істердің қанатын кеңге жайдыратын жаңа студия ресми түрде ашылды. Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», – деді Дәурен Бабамұрат.
Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы құрметіне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен: Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жыр орталығының» жетекшісі Алмасбек Алматов, Нұр-Сұлтан қаласы ұйғыр этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ренат Тахтаев пен Наргизам Махмудова, украин этнолингвистикалық мектебінің жетекшісі Елена Саенко марапатталды.
Шара аясында ресми түрде аталмыш орданың «ANK livе» студиясы ашылды. Студия тікелей эфирде сұхбат, брифингтер, дебаттар мен онлайн кездесулер өткізуге арналғандығын жоба жетекшісі Шавкат Исмаилов атап өтті. Заманауи техникамен жабдықталған студия алдағы уақытта Достық үйінің ғана емес астананың түрлі тақырыптарды талқылайтын диалог алаңына айналмақ.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА: Әйелі бақытты елдің халқы бақытты
-
Талдықорғанда ҚХА әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті
2 Наурыз, 11:36
Алғыс айту күніне орай бірнеше облыста мерекелік іс-шара өтті
5 Наурыз, 15:03
ҚХА: Әйелі бақытты елдің халқы бақытты
2 Наурыз, 11:53
Ақтөбеде ЭМБ мүшелері айтулы күндерді ұмыт қалдырмайды
4 Наурыз, 12:22
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
4 Наурыз, 15:43
Семейде үздік татар тағамы анықталды
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА: Әйелі бақытты елдің халқы бақытты
-
Талдықорғанда ҚХА әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады
-
Семейде үздік татар тағамы анықталды
-
Елорда Достық үйінде зағип жандар қоғамын қолдау шарасы ұйымдастырылмақ
-
Жамбыл облысында өткен Аналар кеңесінің отырысында әйелдің отбасындағы орны талқыланды
-
Қордайда славян этномәдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтті