Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Ақпан, 2021

177

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр

26 ақпанда елордадағы Достық үйінде Алғыс айту күніне орай ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, ҚР Парламенті депутаттарының, дипломатиялық өкілдіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және «Жас Сарбаз» патриоттық жастар қозғалысының қолдауымен әлемнің төрт дүркін, Гиннестің рекордтар кітабының және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников «Біртұтас Қазақстан!» атты флешмоб ұйымдастырады.


Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің көрме-жәрмеңкесі өтпек. Алғыс айту күніне арналған онлайн байқаулардың нәтижесі шығарылмақ. Шара концерттік бағдарламамен қорытындыланады.

Кейін қарай