Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Сәуір, 2021

51

Мерейтоймен құттықтады

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішевті мерейлі 75 жасымен құттықтап барды.


Мерейтой иесіне ізгі тілектерін арнап, қазақы дәстүрмен шапан кигізіп, құрмет білдірді.

Ал замандастары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уайс пен облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Асылбек Жұмабаев ел мүддесі жолындағы елеулі еңбегіне тоқталып, жылы естеліктермен бөлісті. Өз кезегінде Сайлаубай Әбішев көрсетілген ілтипат үшін алғысын жаудырып, батасын берді.


Сайлаубай Әбішев 1946 жылы, Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Өзінің өмір жолын 1966 жылы Арал қаласының № 86 сегіз жылдық, №13 Т. Г.Шевченко атындағы және Қамбаш орта мектептерінде математика пәнінің мұғалімі болудан бастаған. Комсомол және партия комитеттерінде жауапты қызметтер атқарды. Республикамыздың экономикалық, мәдени саласын дамытуға белсене қатысқан, «АСЫЛ ҚАЗЫНАМ - ӨМІР САБАҒЫ» атты мемуарлық – ғұмырнамалық кітабының авторы, халықаралық жазушылар одағының мүшесі, «Қызылорда қаласының құрметті азаматы».

Шиелі ауданының бұрынғы «Қызылту» колхозының Ыбырай түбегіндегі күріш өсіруден дүниежүзілік рекорд жасалған жерге ескерткіш орнату идеясын айтқан да, орнатқан да автор.

Кейін қарай