
19 Тамыз, 2021
273
«Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулықтың кепілі»
«Қайда жүрсен де, ана тіліңмен бірге өскен ортаңның тілін құрметте»Осындай сөздерді әкем кішкентай кезімнен айтып келеді. Менің екі «ана тілім» бар деп есептеймін. Қайда жүрсем де тіл бойынша ешқандай қиындық көрмедім. Кез келген жағдайда тілдерді білу мен сөз байлығына ие болу өте маңызды екеніне көзім жеткен.
Жас кезімде түсінбей жүргеніммен, уақыт өте келе мағынасын толығымен ұқтым. Біріншіден, жастық шағым Тәуелсіздік жылдарында өтті, ол кезде қазақ тілі мәселесіне жаңадан ғана назар аударылып, даму шағы басталған кезі еді. Арамыздағы жастар, достар болып тек қана орыс тілінде сөйлеп, мемлекеттік тілге аса назар аудармадық. Бүгін қарап отырсам, түрлі этнос өкілдерінен құралған достарым мен таныстарым арасында қазақ тілін жақсы түсінетіндері едәуір артқан. Жоқ дегенде бірқатар сөзді білетіндері, кейбіреуі тіпті еркін сөйлейтіні қуантады.
Биыл тәуелсіздікке 30 жыл. Қарап отырсаң, осы жылдар ішінде мемлекеттік тіл төңірегінде бірнеше даулар болды. Бұндай жағдай халық арасында түсінбеушілікке, төзімсіздікке алып келуде. Мен үшін бұл өте қауіпті жағдай. Бұған әр азамат жауапты болу керек.
Жыл сайын мемлекеттік тілді қолдану ауқымы кеңейіп келе жатқаны анық. Себебі оның дамуы қашанда уақыт пен төзімділікті қажет етеді. Ешқашан ешқандай маңызды мәселе бір күнде шешіле салмайды. Жан-жақты қаралатын стратегиялық жолдары керек, немесе тиімді нәтижеге жету үшін азаматтардың ойын жүйелі түрде өзгерту керек. Менің ойымша, мемлекетімізің тіл саясаты дұрыс жолмен келе жатыр.
Луиза Узарова
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
-
«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбындағы халықаралық конференция
-
Қазір қоғамда тіл мәселесі белсенді талқылануда
-
Бірлік – береке бастауы
-
Бірлікті дәріптеген жиын
-
Қызылжар бірлік мерекесін тойлады
23 Маусым, 15:15
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
28 Маусым, 16:35
«Барбанг» жастар комитетінің кезекті жиналысы өтті
23 Маусым, 18:56
22 маусым күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Грек Республикасының Қазақстандағы елшісі – Эфталия Какиопулумен кездесу кеші өтті
27 Маусым, 16:39
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы
23 Маусым, 11:03
Маңғыстауда Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының "ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДЫСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ" атты бизнес-форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
-
«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбындағы халықаралық конференция
-
Қазір қоғамда тіл мәселесі белсенді талқылануда
-
Бірлік – береке бастауы
-
Бірлікті дәріптеген жиын
-
Қызылжар бірлік мерекесін тойлады