Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Маусым, 2021

24

Медиация – дау-дамайдың ұтымды шешімі

Қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде медиация кабинеті жұмыс істейді.

Осы жылы медиация кабинетімен бірлесе «Медиация саласындағы жұмысты жетілдіру» дөңгелек үстелі, «Виртуалды қабылдау бөлмесі» тақырыбындағы ашық есік күні, судьялардың, кәсіби медиаторлардың, заңгерлердің, психологтардың қатысуымен «Мектеп медиациясы-жанжалдар мен даулардан шығудың баламалы тәсілі» тақырыбындағы семинар өтті. Тыңдаушылар қатарында этномәдени бірлестіктердің басшылары, білім беру қызметкерлері, ЖОО студенттері, қатардағы азаматтар болды.

Әлеуметтік және жеке сипаттағы мәселелерді талқылау және еңсеру үшін «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік желілердегі алаңында «Моральдық дүрбелең. Бұқаралық долданысқа «жоқ» деп айтыңыз» , «Медиация дегеніміз не?», «Медиация қайда қолданылуы мүмкін?», «Отбасылық даулардағы медиация» тақырыптарында тікелей эфирлер ұйымдастырылды.

Соңғы үш айда «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетіне әлеуметтік, еңбек мәселелері бойынша 10 өтініш келіп түсті. Оларды қарау барысында 3 медиативтік келісім жасалды. Этносаралық сипаттағы мәселелер бойынша өтініштер түскен жоқ, бұл этностық топтар құқықтарының бұзылу жағдайларының жоқтығын және облыстағы этносаралық қатынастардың тұрақтылығын растайды.

«Қоғамдық келісім» КММ сайтындағы «медиация» қосымша бетінде азаматтар кәсіби медиатордан кеңес алуға өтінім бере алады. Сенім телефоны (8 716 2) 723171.

Кейін қарай