Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Ақпан, 2024

107

Марат Әзілханов ҚХА жастар қанатының мүшелерімен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Алматыға жұмыс сапары аясында ҚХА жастар қанатының мүшелерімен кездесу өткізді.

Сапардың бірінші күні М.Әзілханов «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерімен кездесіп, Алматы қаласының Медеу ауданында жаңадан ашылған комьюнити-орталығының қызметімен танысты. Ол бұл қала жастары үшін тартымды және олардың белсенділігін арттыратын орталыққа айналатынына сенім білдіріп, жастар үшін креативті және тың жобаларын жүзеге асыратын тамаша алаң екенін айтты.

Кездесуде өткен жылғы жұмыс нәтижесі талқыланып, сондай-ақ «Ассамблея жастары» үшін биылға арналған басымдықтар айқындалды.


Кейін қарай