Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Сәуір, 2022

62

Махаббат пен мейірімділкке толы күн

15 сәуір - Ғашықтар күнін Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ассамблея жастар ұйымы мен волонтерлар ерекше қарсы алды.

Достық үйінде «Махаббат әлемі» атты ел мәдениеті мен төл әдебиетімізді ұлықтау ниетінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.


Оған облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Болатбек Айтбенбетов, қала жастары, этномәдени бірлестіктердің белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.


Шарада сөз алған Б. Айтбенбетов Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күнін жыл санап асыға күтетіндер саны артып келе жатқанын айтып өтті.

– Халқымыздың салт-дәстүрі мен адамгершілік рухына негізделген жаңа тұрпатты мейрамның жастар үшін мән-мағынасы зор, – деді Б. Айтбенбетов.


Шара соңында Жастар ұйымының белсенділеріне Алғыс хат табыстады. Махаббат әлеміне саяхаттаған көрермендер жас ақындар айтысы, әдемі ән, тамаша би мен көріністердің куәгері болды. Ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, көңілді күйде тарқасты.

Кейін қарай