Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қыркүйек, 2024

85

Маңғыстау облысында ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы ұсынылды

Маңғыстау облысының Достық үйінде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың модераторлығымен облыстық ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Кеңес мүшелері қатысқан жиында Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі — Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи «Салауатты сана» жобасымен таныстырды.

Облыстық маслихат төрағасы – Жаңбырбай Матаев, Маңғыстау облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Оңайбек Әбділов «Ысырапшылдық – қоғам дерті» тақырыбында сөз сөйлеп, қазіргі кездегі қоғамда және әрбір шаңырақта орын алып жатқан келеңсіз ысырапшылдық туралы айтып, оларды болдырмауды жастардың бойына сіңіру керектігін түсіндірді.

Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ҚХА Аналар кеңесінің төраға орынбасары Жақсыгүл Маханбетова Президентіміз айтқан 5 әлеуметтік кеселдермен күресу ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлін түсіндірді.

Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласып, 5 әлеуметтік кеселмен күрес жолындағы тетіктер пысықталды.

Кейін қарай