Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қазан, 2021

106

М. Әзілханов Жамбыл облысының жастарымен кездесті

Бүгін Таразда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов «Жаңғыру жолы» РЖО өңірлік штабының жетекшілерімен және Жамбыл облысының жастарымен кездесті.

Кездесу барысында Достық үйлері мен өңірлік еріктілер ұйымы арасындағы ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ Ассамблеяның жастар құрылымдарының өзара іс-қимылын дамыту мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар, қатысушылар жастар бастамаларын қолдауға және жастардың әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды, қайырымдылық пен еріктілікті дамытудың орталығы ретінде аймақтық Достық үйлерін дамыту сұрақтарын талқылады.

Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарға және олардың жобаларына белсенді қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Бұл ретте ҚХА жастар қозғалысы жастар жобаларын дамыту және ҚХА-ның жастар қоғамдастығымен өзара іс-қимылын күшейту орталығына айналуы тиіс.


Айта кетсек, бұл кездесулер Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» атты республикалық лекторийі аясында өтуде.


Кейін қарай