Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Тамыз, 2022

63

«Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясында Абай ауданының Аналар кеңесі өкілдерімен кездесу

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт»жобасы аясында Абай ауданының Аналар кеңесі өкілдерімен, көпбалалы аналармен, мемлекеттік мекеме қызметшілерімен кездесті.


Бұл кездесу ҚХА ХХХI сессиясында Президентіміздің отбасы институтын дамытып, Аналар кеңестерінің рөлін күшейту мақсатында берген тапсырмаларының жүзеге асыру барысында өтті. Мемлекетіміздегі әлеуметтік бағдарламалар және оларға қатысу туралы “Шаңырақ”көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының басшысы Ләззат Қожахмет, эксперт-кеңесшілер Айша Сулейменова, Кымбат Булкаирова толыққанды түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Қарағанды облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы төрайымы Айжан Киясова әйелдер кәсіпкерлігі жайында біраз құнды мағлұмат берді. Әр осындай кездесу жоспарлаған 1 сағаттан асып, 2-2,5 сағатқа созылды. Құнды және пайдалы ақпарат алдарына келіп тұрғанын сезген аудитория көп сауалдар қойып, оларға жауап алып, ризашылықпен тарады.

Бір қолымен бесік тербеп, екінші қолымен әлемді тербеген, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, отбасы құндылықтарын насихаттауға еңбек етіп жүрген осы белсенді топқа алғыс айтамыз! Алдағы міндеттерді әрі қарай абыроймен жүзеге асыруда жігерлеріңіз сарқылмасын!

Кейін қарай