19 Шілде, 2024
296
Мәдениет және ақпарат министрлігінде ҚХА жастары жобаларын қолдау мәселелері талқыланды
Бүгінгі отырыста Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамалары мен жастар жобаларын жан-жақты қолдау туралы тапсырмасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Жиынға Президент Әкімшілігі, жергілікті атқарушы органдар, «Қоғамдық келісім» мекемелері, сонымен қатар ҚХА-ның «Ассамблея жастары» жастар қанатының өкілдері қатысты.
ҚР МАМ өкілдері ведомствоның жастар саясаты саласындағы жұмысы туралы айтып, мемлекеттік органдардың Қазақстан халқы Ассамблеясымен және оның «Ассамблея жастары» жастар құрылымымен ынтымақтастығын күшейтудің маңызын атап өтті.
Отырысқа қатысушылар жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жастар арасында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды талқылады.
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев этникалық жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау, этномедиация, волонтерлік пен қайырымдылықты дамыту сияқты жаңа жобалар мен бастамаларды ұсынды.
Аталмыш жиын қазақстандық жастар арасында этносаралық келісім мен патриотизмге ықпал ететін жастар жобаларын қолдау мен дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды