Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қазан, 2022

537

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында "Бір ел" тарихи-ағартушылық жастар жобасы

14-16 қазан аралығында Республика күніне орай, Ұлытау облысы Жезқазған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бір ел" тарихи-ағартушылық жастар жобасы өтуде.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР АҚДМ "Қоғамдық келісім" РММ.

Жобаға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Г. Құсманғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В. Нәбиев, ҚР Сенаты аппараты басшысының орынбасары М. Споткай, "Елбасы академиясы" корпоративтік қорының басқарушы директоры М. Жұманбай, "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасы Т. Джумурбаев, астаналық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш.Пулатов, "Ассамблея жастары" РҚБ өңірлік штабтарының, республикалық жастар ұйымдарының, аймақтықэтномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер т.б белсенді жастар қатысуда.

14 қазанда Қазақстанның өңірлерінен келген жастар Алаша-хан кесенесіне барды, Ұлытау ұлттық мұражай-қорығын аралады, Күмісбұлақ пен Ембұлақ бастауларында болды. Қазақстанда тұратын этностарды «Бірлігіміз әралуандықта» қағидасы бойынша біртұтас ұлтқа біріктіру мақсатында, қазақ жүздері бас біріктірген тарихи мекен – қасиетті Ұлытау төрінде, Әулиетау етегіндеел аумағындағы этностардың жас өкілдері бір шаңырақ астында уық біріктіріп, киіз үй тікті.

15 қазанда "Бір ел" тарихи-ағартушылық жастар жобасының пленарлық отырысы өтті. Онда "Бір ел" жастар лагерін ашудың маңызы сөз болды. Отырыс модераторы - ҚР АҚДМ "Қоғамдық келісім" РММ директорының орынбасары Нұрхат Ораш Қазақстанның 14 өңірінен мемлекеттік тілді меңгерген түрлі этностардың жастар өкілдері қатысқан мұндай жоба биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айта келе, оның негізгі мақсаты - жалпы мәдени және ортақ тарихи құндылықтарды сақтауға бағытталған бірегей алаң құру, мәдениетаралық диалогты дамыту екендігіне тоқталды.

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали негізгі іс-шаралар легібасталмас бұрын киелі жерлер мен тарихи орындарға бару дәстүрі жақсы бастама екенін атап өтті. Ол Шыңғыс хан әулеті шежіресіндегі жалғыз тарихи нысан - Жошы ханның маволейі Ұлытауда орналасқанына назар аудара келе, саяси және мемлекеттік маңызды оқиғалардың осы киелі мекенде өтуі де кездейсоқ емес екендігін алға тартты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиевтің пікірінше, киелі өлке Ұлытау - Жаңа Қазақстан құру жолында бірліктің символына айналуы тиіс. Осы орайда мемлекеттік тілді білудің маңызына тоқталған астаналық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов қазақ тілін бірыңғай қарым-қатынас тілі ретінде қолдану – ортақ мақсаттың жылдам жүзеге асуына да өз ықпалын тигізетіндігіне назар аударып, жастар өз елімен мақтанып қана қоймай, мемлекеттік тіл білімімен де патриотизм танытуы керектігін айтты. Ал "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев "Ел болашағы - жастардың қолында"екендігін нықтай отырып, "Бір ел" лагерінің көздегені - жастар бірлігін нығайту екенін атап өтті.

Пленарлық отырыстың соңында қатысушылар бұл жобаның маңыздылығымен бірауыздан келісіп, оның қажеттілігін атап өтті.

Жоба аясында жастар лагерінің қатысушыларымен «Жайдарман» республикалық көңілді тапқырлар клубының «Достық кубогы» ұйымдастырылды. Қазылар алқасының құрамында Республикалық Қазақша КВН лигасының президенті Е.Елеукен, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Г. Құсманғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В. Нәбиев, ҚР Сенаты аппараты басшысының орынбасары М.Споткай, "Елбасы академиясы" корпоративтік қорының басқарушы директоры М. Жұманбай болды. Айта кету керек, жеңімпаз команда республикалық негізгі ойынға шақыру алады.

Үшінші күні жастар лагерінің қатысушыларымен "Айқас" зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Кейін қарай