Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Сәуір, 2021

92

Ұлы даланың жеті қыры

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Бірлік күні қарсаныңда этносаралық салада мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатымен Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары мен Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері «Рухани жаңғыру-жастар көзімен: Ұлы даланың жеті қыры» атты дөңгелек үстел өткізді.


Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Марина Клишина модераторлық еткен мағыналы шараны әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, профессор Қосман Әбілов ашып, студенттерді алда келе жатқан Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғастыру қажеттігін атап өтіп, барлық студенттерге жемісті жұмыс тіледі. Өз кезегінде Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» ғылыми-сараптамалық бөлімінің басшысы Думан Малаев этносаралық қатынастарды нығайтатын, жастарды еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауға шақыратын осындай іс-шаралардың қажеттілігі туралы атап өтті. Студенттердің көптеген қызықты баяндамалары ұсынылды. Айта кетейік, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті этносаралық бағытта ағартушылық-танымдық сипаттағы іс-шараларды жиі өткізеді.

Кейін қарай