Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Сәуір, 2022

178

Әлем таныған Әуезов

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында семинар өтті.


Өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды мақсат еткен шараға Қорқыт Ата атындағы университеттің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессорлары, ф. ғ. к. Ұлжан Жанбершиева мен Гүлзира Оралова, Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары Мартана Дәулетбаева, Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің директоры Б. Дүйсенбаев, тіл жанашырлары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі және Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің ұйымдастырумен өткен семинарда қатысушылар ұлы жазушының туындылары мен өмір жолы жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Балаларға арналған шығармалары жайында сөз қозғады.

Профессор, ф. ғ. к. Ұлжан Жанбершиева қазақ тілінің тарихы туралы сөз қозғағанда М. Әуезовтің есімін атамай кетуге болмайды. Өйткені ол XX ғасыр басынан бастап-ақ ана тілінің маңызын терең түсініп, оны дамыту мен қалыптастырудың өзекті мәселелерін арнайы сөз еткен қазақ зиялыларының бірі екендігін атап өтті.

Ал Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айгүл Қозыбаева «Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі образдардың қазіргі қоғамдағы бейнесі» тақырыбын қозғады.


Айта кету керек, М. Әуезов өз жазбаларында қазақтың жазба әдебиетінде, ғылым тілінде қазақ тілінің бар байлығын, архаизмдер, кәсіби сөздер мен жергілікті тіл ерекшеліктерін сарқа пайдалануды ұсынған. Семинар барысында бұл бағытта да оқушыларға мазмұнды мәліметтер айтылды.

Өз кезегінде мектеп оқушылары тарапынан ұлы жазушының өмірлік жолы мен қазақ тілі деңгейін арттыру бағытында жазған туындыларына байланысты бірқатар сұрақтар қойылды.

Жалпы алғанда семинар Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын өскелең ұрпақ жүрегіне ұялату арқылы жастарды ана тілі мен қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруды көздеді.


Кейін қарай