Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Тамыз, 2021

135

Конституция - тұрақтылық пен алға жылжудың кепілі

Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауына оралғым келеді. Президент Жолдауында: «Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру», - деп айтылған.

Айтылған ойдың маңыздылығына күмән жоқ. Тәуелсіздіктің 30 жылында жаңа заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға көптеген материалдық, ұйымдастырушылық және рухани күштер жұмсалды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың тең құқықтарына кепілдік берілген. Мәселен, Конституцияның 12-бабының «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады».

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабының 3-тармағында былай делінген: «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды». Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде және орыс тілін мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысында тең құқықты ретінде қолдану да елдің жоғары Заң нормаларымен айқындалған.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдардың нормаларын сақтау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер Палатасы және оның аудандық филиалдары осы салада шағын, орта және микробизнес өкілдеріне айтарлықтай құқықтық қолдау көрсетеді. Мысалы, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша Atameken Academy платформасында мемлекеттік тілде де, орыс тілінде де бейнесабақтарға қол жеткізе алады. Сондай-ақ, сайтта бизнес-жоспар жазу тілін таңдауға болады.

Мемлекеттік тіл саясатының негізгі қағидаларын іске асыру мақсатында өңірдің жетекші бизнес-қауымдастығы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен өзара іс-қимыл туралы Келісімге қол қойды.

Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік және орыс тілдерінде бизнестің, мемлекеттік органдар қызметінің және халықтың мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларына қорытындылар жолдайды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекет пен билік органдары арасындағы ақпараттық ағындарды тиімді пайдалануды білдіреді, бірақ тұтастай алғанда ол қазақстандық қоғамның барлық өкілдері арасында тыныс-тіршіліктің барлық салаларында толыққанды диалог орнатуды көздейді.

Сондықтан қазақ тілінің мүмкіндіктерін сауатты және білікті пайдалану өте маңызды. Қазақстандықтарға этностық қатыстылығына қарамастан мемлекеттік тілді үйрену мен пайдалану үшін тең мүмкіндіктер берілді. Сонымен қатар, қазақ тілін біліп және белсенді қолдана отырып, Қазақстанда табысты мансап құруға мүмкіндігі бар этникалық емес этнос өкілдерінің саны жылдан-жылға артып келеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген. Осы баптың ережелерін ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның өңірлік бөлімшелерінің жұмысы құрылып, онда елде тұратын этностардың дәстүрлері мен тілін сақтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйінде неміс, поляк және корей тілдерін оқыту бойынша мектептер мен үйірмелер ұйымдастырылды. Ситуациялық қазақ тілін үйрену бойынша «Мәміле» пікірталас клубы жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдар кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында қазақ-орыс тілашарын ілгерілету бойынша жұмыс жүргізуде, оны пайдаланудың арқасында қарым-қатынас кезінде қиындықтардың туындау қаупі азаяды.

Мәселелер мен қиындықтар байланыс және ортақ байланыс нүктелері болмаған кезде ғана пайда болады. Бізде, Қазақстандықтарда, ортақ ел, бір Конституция бар. Еліміздің жоғары Заңы біздің жоспарларымызды дамытуға және іске асыруға құқық береді. Ортақ игілік пен болашақтың дамуы бізге, қазақстандықтарға байланысты. Сондықтан азаматтарды есту мүмкіндігі тек билік органдарында ғана емес, сонымен қатар халықтың өзі Қазақстанның полиэтникалық халқының ең жақсы тарихи қалыптасқан ерекшеліктерін – құрмет, ықыластылық және парасаттылықты сақтауы маңызды. Бұл кез-келген диалогтың міндетті компоненттері, бұл тұрақтылық пен алға жылжудың кепілі болып табылады.

Болат Базарбаев,
"Қоғамдық келісім" КММ этносаралық қатынастар саласын
талдау және мониторинг бөлімінің басшысы


Кейін қарай