Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Маусым, 2021

25

Көкшетауда М.Қиықовтың «Елім деп соққан егіз жүрек» кітабының тұсаукесері өтті

Көкшетау қаласындағы М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада еңбек ардагері, Ақмола облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Қ. Қиықовтың өмірі мен қызметіне арналған «Елім деп соққан егіз жүрек» кітабының тұсаукесері өтті.


Кітаптың авторлары журналистер – Б.Баяділов және Д. Ахметжанов. Іс-шараға өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары, қала жұртшылығы, автордың жақын туыстары қатысты. Өлкетану библиографиясы секторының жетекшісі А. Т. Тулешова кітаптың мазмұны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы А.Б.Сәбитова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б. Нұғыманов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты С. Н. Жәмбек, ЭМБ басшылары Г. И. Яндиев, Р. С.Сулькарнаев, Н.М.Нагачевская, журналист Балталы Сәрсенбаевтар автор туралы естеліктер айтты.

Кейін қарай