Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Шілде, 2024

166

«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті

«Алатау» шығармашылық хабында Домбыра күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы кітапханаларының «Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті. Шара ұлттық дәстүрлерді сақтауға және насихаттауға, сондай-ақ қоғамдағы мәдени диалогты нығайтуға септігін тигізеді.

Концерттің жүргізушісі танымал блогер Иван Червинский болды.

Қатысушыларға Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Оспанов Болат Мұсақажыұлы; «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Долкунтай Абдулхалил; Алматы қаласы мәслихатының депутаты Жузеева Қарашаш Өзбекбайқызы және Алматы ҚХА-ның басқа да мүшелері сөз сөйледі.

Іс-шара барысында Алматы ҚХА шығармашылық ұжымдарының өкілдері, атақты домбырашылар, «Жастар биі» композициясы бар «Талпын» көркем-ағарту орталығының жас студенттері, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың халық және дәстүрлі әндерін орындаушы Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова өнер көрсетті. «Интизар» ансамблі жалынды ұйғыр және қазақ биімен өнер көрсетті.

Осының тұрғысынан соңғы кездері домбыраға, ұлттық өнерге деген қызығушылығы ерекше сипат алғаны айқын көрінеді. Сондықтан да келешекте домбыраның қадір-қасиеті одан да арта түсетініне күмән жоқ.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қоғамның түрлі салаларын ортақ құндылықтар мен дәстүрлерін төңірегінде біріктіруге, ұлттық мәдениетті кең аудиторияға қолжетімді етуге және Қазақстанның музыкалық мұрасы саласында одан әрі зерттеу мен шығармашылыққа ынталандырып отыруға ұмтылады.

Кейін қарай