12 Шілде, 2024
340
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына нақты көмек көрсетуді жалғастыруда.
Мемлекет басшысы, ҚХА-ның Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ХХХІІІ сессияда Ассамблеяның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтіп, баспанасыз қалған тұрғындарға ерекше көңіл бөлу қажеттігін де тапсырған болатын.
Бұл ретте Ассамблея шын мұқтаж жандарға көмектесуде. Тұрғын үйлерді халықтың әлеуметтік осал топтарына, асыраушысынан айырылған, құқық белгілейтін құжаттарында мәселелер туындағаннемесе жеке тұрғын үйі жоқ көпбалалы отбасыларға алып беруде.
Бұл жолы ҚХА мүшелері мен меценаттарыныңқаражатына Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындғаы баспанасынан айырылған отбасыларға үй сатып алынды.
Атырау облысы Құлсары қаласындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Дауылбаевтар отбасы қоныс тойын тойлады. Табиғи апат салдарынан балалар баспанасыз қалған еді.
ҚХА қолдауының арқасында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының тұрғындары үш балалы ерлі-зайыптылар Артур Сатиев пен Марал Беркінғалиеваның отбасы да жаңа баспанаға ие болды.
Марал Беркінғалиева Бәйтерек аудандық ауруханасында медбике, ал жолдасы Артур Сатиев аудандық ветеринарлық стансада қызмет етеді. Бұғандейін жалдамалы пәтерде тұрған отбасы Қазақстанхалқы Ассамблеясы мүшелеріне шын жүректеналғысын білдірді.
Осыған дейін ҚХА қолдауының арқасында Ақмола және Қостанай облыстарының ауылдықаймақтарынан тағы бірнеше отбасы жаңа баспанаға ие болды.
Табиғи апаттың алғашқы күндерінен бастап ҚХА арнайы республикалық «Жүректен жүрекке» жобасын қолға алды. Барлық облыстардағы Достық үйлерінде штабтар, волонтерлік орталықтар мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылды.
12 мыңнан астам ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындар мен құтқарушыларға көмек көрсетіп, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Осы акция аясында апат аймақтарына жалпы сомасы 770 миллион теңгеге жуық сомаға 1500 тоннадан астам азық-түлік пен ең қажетті тауарлар жеткізілді. Керекті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Ассамблея мүшелері мұқтаж жандарға қол ұшын созып, су тасқынынан зардап шеккендерге барынша қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Бұлхалқымыздың қандай қиындықта да бірлігі мен ынтымағын ыдыратпағанын дәлелдейді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ҚХА ҒСК өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Түркістан облысы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. өзбек этномәдени орталығының активімен кездесті