Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қараша, 2024

84

ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2024 жылғы 6 қарашада Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, онда Жас ғалымдар клубының жобалары мен ҚХА ҒСК мүшелерінің ротациясы мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ә.ғ.д. Айгүл Садвокасова, ҚР МАМ Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары, PhD Олжас Бейсенбаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, әлеуметтанушы Эльмира Отар, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және өңірлік Ғылыми-сарапшылық топтардың мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Қатысушыларға алғы сөзінде Марат Әзілханов жас ғалымдардың этносаралық келісімді нығайтудағы және Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық әлеуетін дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

Спикерлер Олжас Бейсенбаев, Эльмира Отар және Айгүл Забирова этносаралық қатынастардың өзекті мәселелерін зерттеуге және жастар арасында құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға бағытталған Жас ғалымдар клубының жобаларын таныстырды.

Олжас Бейсенбаев өз сөзінде Жас ғалымдар клубы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлігін нығайтуға септігін тигізетін ғылыми жобалар бойынша пікір алмасу және ынтымақтастық алаңына айналады деп атап өтті. Үміткерлер санатына басқа гранттарға қатыспайтын және материалдық ынталандыруды қажет ететін ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын ғалымдар кіретіні туралы айтты.

Эльмира Отар ғылыми әзірлемелерді практикаға енгізудің маңыздылығын атап өтіп,кешенді зерттеулер жастар арасында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың тиімді тәсілдерін әзірлеуге көмектесетінін айтты.Сондай-ақ, Клуб жұмысы аясында ҚХА елдегі этносаяси және мәдениетаралық үдерістердің дамуына үлес қосатын жас зерттеушілермен байланыс орнатуына ықпал етеді.

Айгүл Забирова Қазақстан жастарының құндылықтары, қазіргі кезеңдегі елдегі азаматтық қоғамның даму үрдістері мен тенденциялары мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, отырыс барысында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелерінің ротациясы мәселелері талқыланды. Қатысушылар Кеңестің тиімділігін арттыру және қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделу үшін оның құрамын жаңартудың қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Іс-шара конструктивті диалог және пікір алмасу ахуалында өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді.

Кейін қарай