Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Маусым, 2021

60

ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұйғыр театрында болды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық-драма театрында болды.


Сондай-ақ, өнер ордасына «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Ербол Шәуенов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы Шаймардан Нурумов қонаққа келді.

Театр директорының міндетін атқарушы Савутжан Сонуров қонақтарды театр тарихы, оның қазіргі тынысы туралы айтып берді.

- Ұйғыр театрына қонаққа келген күніміз Мәдениет және өнер мерекесіне, сондай-ақ осы театрға есімі берілген белгілі тұлға Құдыс Қожамияровтың туған күніне тура келгеніне өте қуаныштымын. Бұл қос мереке барлықтарыңызға құтты болсын. Бүгін мен ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге мемлекеттік бюджеттен 1,5 миллиард теңге қаражат бөлінгенінен хабардар болдым. Оның нәтижесін өздеріңмен бірге аралап шығып, көріп тұрмын. Мұны мәдениетті дамыту және көрермендерді рухани жағынан байыту мақсатында мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық деп түсінуіміз керек. Енді сіздерден тек ұлттық құндылықтарыңызды жоғалтпай, оларды одан әрі дамыту жолында еңбектену талап етіледі, - деді ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы.

ҚХА Төрағасының орынбасары театрды аралап шыққаннан кейін республикалық ұйғыр этномәдени орталығының бірқатар бюро мүшелерімен кездесіп, әңгімелесті.

Ершат АСМАТОВ, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы

төрағасының орынбасары, республикалық қоғамдық-саяси

«Уйғур авази» газетінің бас редакторы,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі


Кейін қарай