Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Шілде, 2024

186

ҚХА Төрағасының орынбасары ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» атты арнайы жобасын жүзеге асыруда

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Жамбыл облысы Шу ауданында «Біртұтас қоғам: келесім және сенім» арнайы жобасы аясында

мемлекеттік қызметшілермен, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен және мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлермен, жұмыспен қамту орталықтарымен кездесулер және семинар-тренингтер өткізді.

Кездесуге ҚХА Хатшылығының, Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Лугмар Харкиевич жобаның мақсаты туралы, оның ішінде мемлекет пен қоғамның сенім мәдениетін, жалпыұлттық құндылықтарды, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудің, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудың маңыздылығы туралы айтты.

Жалпы, кездесулер сындарлы диалогта өтіп, пікір алмасылды. Қорытындылары бойынша алдағы жұмыста қаралатын және ескерілетін ұсыныстар қалыптастырылды.

Кейін қарай