06 Қыркүйек, 2024
170
ҚХА төрағасының орынбасары Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Марат Әзілханов Абай ауданындағы екі бірдей жалпы білім беретін мектептерге барып, оларға ҚХА-ның «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Қарағандыоблыстық Ассамблеяның «Жомарт жан» қайырымдылық орталығының қолдауымен барлық заманауи талаптарға сай екі интерактивті тақтасыйға тартты.
Спикер оқушылар мен мұғалімдерді оқу жылының басталуымен құттықтап, білімді игеруде және өскелең ұрпақты тәрбиелеуде сәттілік пен жаңа жетістіктер тіледі.
«Мемлекет білім беру саласына көп көңілбөлуде. Жыл сайын жаңа білім беру нысандары мен балабақшалар пайдалануға беріледі, материалдық-техникалық база жаңартылады. Білім – баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын өзегі. Өз білімдеріңізді еліміздің игілігі үшін пайдаланып, болашақта отаншыл және табысты азаматтардың қатарында болыңыздар!» - деді ол.
Жалпы, ҚХА-ның республикалық акциясы аясында 6,5 мыңнан астам бала оқу жылына толық дайын болды. ҚХА мүшелері 260 млн теңгеден астам сомаға оқу құралдарын, ноутбуктер, мектеп және спорт киімдерін сыйға тартты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
15 Сәуір, 21:38
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
17 Сәуір, 16:39
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
17 Сәуір, 09:19
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
вчера, 20:53
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті