Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Маусым, 2021

36

ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысына пікірлер

9 маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында қабылданған шешімдер және жаһандық жаңа сын-тегеуріндер кезінде Ассамблея жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Кеңес отырысында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты болуы халықтың бірлігіне, этносаралық келісім мен татулыққа тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ел ішіндегі бейбітшілік пен тыныштық, экономикалық өсім Елбасы Н.Назарбаев ұсынған бірлік формуласының нәтижесі екенін айтты.

Сондықтан Ассамблея өз жұмысында біртұтас Қазақстан халқының ортақ құндылықтары мен мүдделерін қалыптастыруға басымдық беруі қажет.

Қазақстан халқы Ассамблеясының аясына топтасқан түрлі этнос өкілдері қоғамдағы елдігімізді танытар игі бастамалардың барлығына ат салысып, қолдау көрсетіп келеді.

Тәуелсіз елімізде татулықтың, достықтың, бірліктің берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.

С.Сейдуалиева,

Мақтаарал ауданы Аналар кеңесінің төрайымы

***

Күні кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында қабылданған шешімдер және жаһандық жаңа сын-тегеуріндер кезінде Ассамблея жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Жиында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтып өткендей мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты болуы халықтың бірлігіне тікелей байланысты. Сондай-ақ ел ішіндегі бейбітшілік пен тыныштық, халықаралық қауымдастық алдындағы жоғары бедел, инвесторлардың сенімі мен экономикалық өсім Елбасы Н.Назарбаев ұсынған бірлік формуласының нәтижесі екенін айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жұмысында біртұтас Қазақстан халқының ортақ құндылықтары мен мүдделерін қалыптастыруға үлкен басымдық беріп келеді .

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ассамблея Кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Олардың құрамына қандастар мен жастар қанат өкілдері, этномәдени бірлестіктердің кейінгі толқын басшылары бар. Ендігі ҚХА Кеңесінің жаңа құрамы көп белесті бағындырады деп сенеміз.

Юлдаш Султанов,

Түркістан облысы «ПАРВИЗ» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы

Кейін қарай