Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Шілде, 2024

305

ҚХА Аналар кеңесі жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады

Бүгін рухты аспап Домбыра мен республика аналарының ақжарма “Айналайын” хатындағы батасын Астана қаласы #3 перзентханада алғашқы болып дүние есігін ашқан батырға ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи және ҚР Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, аудармашы Камал Алпейсова табыстады.



Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің өкілдерінің атынан батырдың әкесі Құдайберген Ерлан мен анасы Сағынтаева Айнараға жаңа туған сәбиге білімді де, білекті ел азаматы болсын деп тілектерін білдірді.

Кейін қарай