Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2021

34

Көкшетауда А.Пушкиннің туған күніне орай өткізілген байқау қорытындыланды

«Ақмола облысының Орыс қауымы» ҚБ орыс халқының Ұлы ақыны Александр Пушкиннің туған күніне орай «Читаем Пушкина» атты балалар сайысын өткізді. Сайысқа Ақмола облысының 40-тан аса оқушылары қатысып, әділ-қазылар алқасына А.С.Пушкиннің шығармаларынан үзінділерді бейнежазба арқылы ұсынды.


Әділ-қазылар алқасы сайысты жас ерекшелігін ескере отырып, үш деңгей бойынша бағалады, ал көрермен көзайымы атағы ең көп лүпіл алған қатысушыға бұйырды.

Ұлы ақынның туған күніне орай Ақмола облыстық Достық үйі алаңында сайыс қатысушыларын мадақтау салтанаты өтті. Жеңімпаздарға ақшалай сертификат табыс етілді. Ал басқа қатысушыларға тәттілер, кітаптар мен кеңсе тауарлары бұйырды.


Кейін қарай