Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Тамыз, 2022

145

Иордания Хашимиттік Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Юсуф Абдельғанимен кездесу

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов Иордания Хашимиттік Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Юсуф Абдельғанимен кездесті.

Екі ел арасында мәдениет, білім және өзге де салаларда құрылған қарым-қатынастар жоғары деңгейде жүргізілуде.

Әңгімелесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйінің кейбір аспектілерін талқылап, этносаралық келісімді, азаматтық бейбітшілікті нығайту, екі ел халықтарының гуманитарлық байланыстарын дамыту жөніндегі шараларды тілге тиек етті.

Елші мырзаға Ассамблеяның қазіргі қызметі, оның құрамына кіретін этникалық қоғамдық бірлестіктермен және қоғамдық қорлармен жұмыс барысы да таныстырылды.

Кейін қарай