Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қыркүйек, 2022

57

Этнос оқушылары арасында сайыс өтті

Қызылорда облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен №23 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні және А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қазақшаңыз қалай?» атты интеллектуалды сайыс өтті. Аталмыш байқауға түрлі этнос оқушылары қатысып, бақ сынасты.

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатын көздеген сайыста Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай, мекеменің бөлім басшысы Шахизат Абдраманова және аға сарапшысы Гүлзира Сәрсенбек қазылық етті.

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орын алған оқушылар дипломдар мен сыйлықтар иеленді.


Кейін қарай