Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Сәуір, 2022

133

Эстрадалық хореографиялық би байқауы өтті

16 сәуірде Тараз қаласында А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында облыстық «Живу танцуя» тақырыбында эстрадалық хореографиялық би байқауы өтті.


Байқау өңірдегі талантты орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарды қолдау, дәріптеу, әр өнерлі жастың жұртқа өзін-өзі танытуы, жастар мен балалар арасындағы өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас орнатуды мақсат етеді.


Сонымен қатар олардың өнер жолындағы білім көкжиектері мен интеллектуалдық деңгейлерін көтере отырып, орындаушылық мәдениеттерін жақсарту, өскелең ұрпақтың көркемдік талғамын арттыруға септігін тигізеді.


Би сайысының қорытындысы бойынша І-орынды Жамбыл облыстық Гректер этномәдени бірлестігінің «Инфинити» шығармашылық би ансамблі иеленді.


Кейін қарай