Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Мамыр, 2021

52

Ембі қаласында медиаторлар жергілікті тұрғындармен кездесті

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру мақсатында "Ақтөбе облысының медиаторлар кеңесі" ҚБ төрағасы Светлана Балпейісова бастаған кәсіби медиаторлар Лаура Бердібекова мен «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ сарапшы маманы Бекзат Мулдыкешева Ембі қаласына барды.


Аталмыш шараның мақсаты - қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияның рөлі туралы тұрғындарды ақпараттандыру. Медиация саласында кездесетін әртүрлі мәселелерге тоқталып, олардың шешу жолдарын түсіндіріп, дау-дамайдың алдын алу шаралары ұйымдастыру мақсатында өткен кездесуге аудандағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заңгерлер, Аналар Кеңесінің мүшелері сондай-ақ, Эмбі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай мен медиация кеңесінің төрайымы Нурия Кажигарина қатысты.

- Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету үшін нақты жұмыс атқару керек, - деді өз сөзінде Светлана Балпеисова.


Кикілжіңдер және дау-дамайларды шешу кезінде медиация рөлінің маңыздылығы туралы түсіндіріліп, тренинг ұйымдастырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Әкімшілік ғимартында медиация кабинеті ашылып, екі тарап мемарандумға отырды. Шараға қатысушыларға ақпараттық түсіндірме құрал ретінде кітапшалар таратылды


Кейін қарай