Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Шілде, 2024

148

«Елтану» лекторийі Абай ауданында жалғасын тапты

Қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын насихаттауға, ұрпақ арасындағы байланысты дамытуға бағытталған «Елтану» лекторийі Абай ауданында жалғасын тапты.

Аталған шараға Қарағанды облысы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚХА кафедрасының профессоры, университеттің қоғамдық-саяси кеңесінің төрағасы Жамбыл Әзмұханұлы Жұмабеков пен облыстық ҚХА мүшесі, «Дағыстан» ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамиз Ширинович Ширинов қатысты.

Жиында ҚХА аясында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар сөз болды. Лекторийдің спикерлері «Қазақтану» жобасының үлкен тәрбиелік-идеологиялық әлеуетіне, мәні мен мазмұнына кеңінен тоқталды.

Кейін қарай