Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Ақпан, 2021

121

Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінде алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтеді

2021 жылғы 1 наурызда сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінде (Түркістан көшесі мен Бұқар Жырау көшесінің қиылысы) Алғыс айту күніне арналған алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады. Іс-шарада ҚХА жастар қанаты өкілдері сөз сөйлейді.

Елбасы Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген ұсыныс жасаған еді.

Кейін қарай