27 Тамыз, 2021
99
Елорда Достық үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды
Елордадағы Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрменің онлайн-ашылуы рәсімін өткізді7
Іс-шара мақсаты – елорда этностары өкілдерінің жетістіктерін, табыстарын және олардың Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде елдің дамуына қосқан үлестерін көпшілікке жан-жақты таныстыру.
Маңызды жиынға мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары ассоциациясы» төрағасы В.К. Божко мен Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Л.С. Құсайынова қатысып, өткізіліп отырған көрменің маңызы туралы, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері мен оның өркендеп дамуы жөнінде баяндады.
Жалпы көрмеде елордалық Ассамблеяның қалыптасу және даму тарихы, этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан үлес туралы баяндалған үздік фотосуреттер жинақталған.
Атап өту керек, бұл іс-шара еліміздің Мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына байланысты, қатаң түрдегі карантиндік талаптарды сақтай отырып, онлайн негізінде өткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
23 Маусым, 15:15
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
28 Маусым, 16:35
«Барбанг» жастар комитетінің кезекті жиналысы өтті
23 Маусым, 18:56
22 маусым күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Грек Республикасының Қазақстандағы елшісі – Эфталия Какиопулумен кездесу кеші өтті
27 Маусым, 16:39
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы
23 Маусым, 11:03
Маңғыстауда Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының "ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДЫСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ" атты бизнес-форумы өтті