Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Сәуір, 2022

152

Достық үйіне саяхат

Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің студенттері 6 сәуір күні «бірлік әралуандылықта» атты шолу экскурсиясымен облыстық Достық үйіне келді.

Балалар этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралап, Ақмола облысында тұратын түрлі этностардың тұрмысымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты. Меймандарға этномәдени бірлестіктер ана тілін сақтау мен дамыту бойынша қандай жұмыстар атқарылатыны таныстырлды. Достық үйінің қабырғасында өздерінің ұлттық мерекелері мен фестивальдерін қалай ұйымдастыратыны туралы әңгімелеп берді.


Қонақтарға Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы экскурсия ұйымдастырылып, бейнефильм көрсетілді. Жас тыңдаушылар өңірдегі достық пен этносаралық келісімді нығайту бойынша "Қоғамдық келісім" КММ өткізетін жұмысы туралы ой-өрісін және білімін кеңейтті деген үміттеміз.

Кейін қарай