Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Ақпан, 2022

120

«Достық» депутаттық тобы ҚХА міндеттерін іске асыруда жаңа тәсілдерді қолданбақ

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов ҚХА-дан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің VIІ шақырылымының депутаттарымен кездесті.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аветик Амирханян, Ильяс Буларов, Наталья Дементьева, Вакиль Набиев, Юрий Ли, Шамиль Осин қатысты.

Кездесу барысында ҚХА Төрағасының орынбасары ҚХА­‑дан сайланған депутаттық корпустың назарын Мемлекет Басшысы
11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінде сөйлеген сөзінде, «Хабар» агенттігіне берген сұхбатында алға қойған міндеттері аясында жұмысты қайта форматтау және жандандыру қажеттігіне аударды.

Марат Әзілханов «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!» бастамасы аясында қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін практикалық және нақты жұмыстарды жүргізу қажет деп атап өтті.

Сонымен бірге ол Мәжіліс депутаттарын Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары - ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі және кафедраларымен, Қоғамдық келісім кеңестерімен, Аналар кеңесі, сондай-ақ «Ассамблея жастары» республикалық жастар қозғалысымен өзара әрекеттестікті жандандыруға шақырды.

М.Әзілханов депутаттарға ҚХА қызметінің негізгі бағыттарына жетекшілік етуді ұсынды және өңірлерге алдағы сапарлары аясында этносаралық қатынастар мәселелері бойынша жұмыстың басымды бағыттарын атап өтіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» контекстінде іске асыру маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ағымдағы жылы атқаратын қызметтері жайлы айтып, жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында, іс-шараға қатысушылар ҚХА Қоғамдық құрылымдарымен бірлескен жұмыстың негізгі міндеттерін айқындады.

Кейін қарай