Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Маусым, 2024

101

Біздің мекенжайымыз – БІРЛІК!

Жаңадан құрылған Бірлік шағын ауданында жаңа үйлердің кілттерін тапсыру рәсіміне Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі – Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ғауез Нұрмұхамбетов іс-шара қатысушыларын құттықтап, апатты жою және зардап шеккен отбасыларға нақты көмек, қолдау көрсеткен «Қазақстан халқына» қоры мен бизнес субъекттеріне алғысын білдірді.

Бүгін олардың арқасында жаңа үйлердің 53 кілті су тасқынынан зардап шеккендерге қошеметпен табыс етілді. Жақын арада Бірлік шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккен адамдарға 700 үй салынады.


Іс-шараға қатысқан облыстық Ассамблея жанындағы Ақсақалдар Кеңесі төрағасының орынбасары Жангелді Тәжин ақ батасын берді.

Одан кейін қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша «Шашу» рәсімін жасап, жаңа үйлердің бірінші қонақтары ретінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері жаңа үйлермен үлкен қуанышпен танысты.


Кейін қарай