03 Қазан, 2022
304
«Бір кем дүние»
Алматыда 30 қыркүйекте Қазақстан Жазушылар кітапханасында көрнекті жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Бір кем дүние» атты кітабына талдау өтті.
Іс-шараға танымал қаламгер, дарынды әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Әмірхан Меңдеке, халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, ақын Жұмаш Кенебай, «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Жалғас Шыныбеков, Қазақстан Жазушылар кітапханасының меңгерушісі Елена Ағайса және студент жастар қатысты.
Жиын барасында қатысушылар абыз қаламгер Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүние» атты туындысын талдап, тұшымды ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар Шерхан Мұртазаның басынан өткерген сұрапыл тағдыры туралы, еңбек жолы жайында сыр шертті.
«Тағдырдың талай тауқыметін тартып, бала кезінен ғұмыры сынаққа толы болды. Алайда өмірдің сондай соққыларына төтеп беріп, қаймана халықтың қамы үшін атқарған тынымсыз еңбегімен елдің ыстық ықылссына бөленді. Көп деген таланттарды елге танымал етіп, сүбелі үлесін қосып кетті», - деп түйіндеді Әмірхан Меңдеке.
Қатысушылардың пікірінше аталған ойтолғауда айтылған қоғамның ішкі-сыртқы ахуалы, адамдық, адалдық, рухани байлық, әдебиет пен мәдениет, экономика мен экология, тіл, демография мәселелері жайлы қадау-қадау ойлары әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
«Бүгінгі талқылап отырған ойтолғауда Шераға абызымыздың ғұмыр тәжірибесінен түйгендері жазылған, әрі тұнып тұрған өмір философиясы. Өз оқырманына «адалдықтың қазығынан ажырамауға», ұлттық мәдиниет пен әдебиетті, ұлттық мүддені биік қоюға нұсқайды», - деді Ж.Шыныбеков.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері
-
Қазақстан Республикасы Парламентінің «Бір ел – бір мүдде» атты депутаттық тобы өз жұмысын бастады
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Сұлтан Бейбарыс» атты көркем фильмінің көрсетілімі өтті
-
«Бір шаңырақ астында» акциясы аясында киіз үй орнатылды
-
Бірлігі бекем, тірлігі көркем ел тозбайды
-
Республика күніне орай «Джайляу» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті
23 Қыркүйек, 14:38
ШЫМКЕНТТЕ ӨЗБЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КҮНДЕРІ АТАП ӨТІЛДІ
22 Қыркүйек, 17:26
Республикалық әдістемелік кеңесінің онлайн-отырысы
20 Қыркүйек, 22:04
Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективаларын талқылады
19 Қыркүйек, 19:18
ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ
22 Қыркүйек, 20:04
ОРАЛДА «ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ