Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Шілде, 2021

60

Батыс Қазақстан облысы ҚХА ХХІІІ сессиясы өтті

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Ғ.Н.Искалиевтің төрағалығымен БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті.


Сессия «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту», «Қайырымдылық - жоғары азаматтық патриотизмнің үлгісі» және «Білімді жастар - жарқын болашақтың кепілі» ІІІ панельдік секциялар бойынша өткізілді.

Жұмыс соңында БҚО ҚХА сессиясына қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және ұлттың адами әлеуетін нығайту, әділ қоғам мен тиімді мемлекет құру бойынша белгілеген жалпыұлттық даму басымдықтарын іске асыру туралы Үндеу қабылдады.


Кейін қарай