Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Ақпан, 2024

97

«Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығымен кездесу

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов жастармен кездесу барысында «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы» РҚБ қолжетімді және қызықты форматтағы медиа саланың жарқын жобаларын талқылады.

Күрд этносының жастары заманауи трендтерді пайдалана отырып, бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілету жолдарына қатысты нақты ұсыныстар берді.

Сондай-ақ, кездесу аясында елдегі бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы Азиз Зияевич Әлиевке Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табыс етілді.

Шара нәтижесінде Қазақстан күрдтерінің Барбанг қауымдастығын Жамбыл облысының күрд бөлімшесімен біріктіру туралы келісімге қол қойылды.


Кейін қарай