27 Мамыр, 2024
246
БҚО-да Ф.А. Баюканскийдің 75 жылдығы атап өтілді
Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Феликс Аркадьевич Баюканскийдің мерейлі 75 жасқа толған құрметіне мерекелік шара өтті.
Облыстық Ассамблея құрылғаннан бастап белсенді мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Феликс Аркадьевич 1949 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Ол Орал № 6 орта мектебінің 10 сыныбын бітірген соң, 1966 жылдан А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих-филология факультетінде оқыған.
Мерейтой иесі «Ерен еңбегі үшін», «ҚР мәдениет қайраткері», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» төсбелгісімен, М.Шолохов және Ғ.Құрманғалиев атындағы төсбелгімен марапатталған. 2019 жылдан бері «Ламед» Батыс Қазақстан облыстық этномәдени орталығының төрағасы болып еңбек етіп келеді.
Мерейлі кешке Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шукеева, Орал қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев, «Старый Уральск» мұражайының директоры Геннадий Мухин және БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, БҚО әкімдігі ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Кеш аясында Баюканский Феликс Аркадьевичтің құрметіне БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, БҚО әкімдігі ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері ағаш отырғызды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады