23 Қазан, 2020
250
«Қазақ тілін үйреткен ата-әжеме алғысым шексіз»
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде сөз сөйлеген Алматы облысы Іле ауданы, № 18 Қараой орта мектебінің мұғалімі Валентина Талюс, мектепте орыс тілінде оқыса да, қазақ тілін үйрену қиынға соқпағанын айтты.
- Мен Талюс Валентина Ионасқызы. Ұлтым литовка, бірақ өзге ұлт болсам да, біздің мемлекеттік тілімізді меңгеріп және құрметтеп келемін. Мен 1994 жылы Ресейдегі Астарахань қаласында дүниеге келдім. Бір жасқа толмай біз отбасымызбен бірге Атырау облысындағы, Ганюшкино атты ауылға ата-әжемнің үйіне көшіп келдік. Содан бері мен атам Хасанбек және әжем Нинаның қолында, тәрбисінде болдым. Атам мені кішкентай кезімнен қазақша сөйлеуді үйретті, сонымен қатар бірге жүрген достарымнан және көршілерімнен үйренгенмін. Бес жасымнан бастап қазақ тілінде сөйлей бастадым. Мемлекеттік тіліміз менің өмірімде ерекше орын алады. Мектепті және жоғары оқу орнымды орыс тілінде бітірсем де, мен мемлекеттік тілге байланысты әртүрлі олимпиада, сайыстарына қатысып, жүлделі орындарды алып жүрдім. Қазіргі таңда мен білім саласында, Алматы облысы Іле ауданының мектебінде педагог-психолог болып жұмыс істеймін. Қазақ тілін білу балалармен тіл табысуыма көмектеседі. Мені қазақ ұлтына, қазақ тіліне құрмет қарауды үйреткені үшін ата-әжеме шексіз ризамын.
Менің ойымша мемлекеттік тіл - тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлтардың ұлтаралық ортақ тілі болуға тиіс деп ойлаймын.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінде алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтеді
-
Атырауда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді
-
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
-
Елордалық ҚХА Алғыс айту күніне орай бірқатар іс-шара ұйымдастырмақ
-
Магомед Султыгов: «Қазақтар туыстарымызды жерлеуге көмектескен»
-
Көкшетауда медиация саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өтті
23 Ақпан, 11:14
«Туған елге мың алғыс!» жалпыхалықтық эстафетасы басталды
22 Ақпан, 10:57
Қарағандыда Алғыс айту күніне орай жүзден аса шара өткізілмек
22 Ақпан, 10:40
Нұр-Сұлтанда Науаидің 580 жылдығына арналған рухани кеш өтті
вчера, 15:19
Мағауия Қанапияұлы: «Алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны»
23 Ақпан, 10:55
Магомед Султыгов: «Қазақтар туыстарымызды жерлеуге көмектескен»
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы