24 Қаңтар, 2025
177
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2025 жылғы 24 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы шеңберінде «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ғылымжәне Жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.
Конференция этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Қазақстанхалқы Ассамблеясының 30 жылдық тәжірибесі нталдау және талқылау, заманауи сын-қатерлер мен перспективаларды айқындау, сондай-ақ жаһандық өзгерістер жағдайындағы бірлік пен ынтымақтастықты дамытудың саяси бағыты бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісінің орынбасары А.Щегорцова, ҚР Ғылым және Жоғары білім вице-министрі Д.Ахмед-Заки, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Ниязова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Керімбек, , ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігі Этносаралық қатынастарды даму комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Э.Масагутова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Н.Пұсырманов, Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыныңбасшысы С.Есіркеп, Ұлттық Құрылтайдың, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, қазақстандық және шетелдік (Т.Дронзина(Болгария), А.Вежбицки (Польша), Р.Усманов(Ресей), К.Сабиров (Өзбекстан) ғалым–сарапшылар, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.
Анастасия Щегорцова өз алғы сөзінде Ассамблеяның 30 жылдығы бірлік пен келісім саясатын дамытудағы маңызды кезең екенін атапөтті. Сондай-ақ ол ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды одан әрі ілгерілету және этносаралық қатынастарды нығайту саласындағы озық тәсілдерді енгізу бойынша күш-жігерді күшейту мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдау үшін практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретінін баса айтты.
Конференцияға қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету және ағартушылық қызметті жандандыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша қабылданып, онда қатысушылар алдағы жұмыстың бірқатар негізгі бағыттарын белгіледі. Сондай-ақ мемлекеттік этносаясатты ғылыми және қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен және ғылыми-сарапшылық қоғамдастықпен қоғамның өзара іс-қимылын кеңейту курсы белгіленді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейлі жылында этносаралық қатынас құралы ретіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, этномедиация тәжірибесін кеңінен енгізу және басқа елдермен тәжірибе алмасу үшін этносаясат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру сияқты маңызды тезистер айтылды.
Конференция барысында Ассамблеяның 30 жылдық тарихына арналған көшпелі архивтік құжаттардың, кітаптардың, этностық газеттер мен журналдардың көрмесі ұйымдастырылды.
Конференция Қазақстанның этносаралықкелісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы бірегей тәжірибесін талқылауға өз үлесін қосты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
11 Наурыз, 20:22
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
15 Наурыз, 15:57
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
14 Наурыз, 15:50
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
14 Наурыз, 12:38
Практикаға бағытталған курс: үшінші күн
14 Наурыз, 17:51