
27 Тамыз, 2021
110
«Қазақстан халқын топтастырудың маңызды факторы - мемлекеттік тілді меңгеру»
Қазақстан Республикасы демократияның ең жақсы идеяларын бойына сіңіріп, өзінің құқықтары мен бостандығын сауатты түрде білетін азаматын жоғары орынға қояды. Сондықтан да болар, Қазақстан - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады. Оның ең жоғары құндылықтары - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Ата Заңымызда Қазақстан аумағында тұратын халықтың ортақ құндылықтары нақты көрсетілген. Сонымен қатар Конституцияға енгізілген өзгерістердегі сөз Қазақстан халықтары Ассамблеясына емес, Халық Ассамблеясына қатысты екеніне назар аударған жөн. Оған дейін бізде Елбасының Жарлығымен құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы болды. Бұл түбегейлі маңызды түзету, өйткені біздің Конституциямыз: «Біз, қазақстандықтар» деген сөздерден басталатынын ұмытпау керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясы демократия принциптерін ұстанады, сондықтан биліктің жалғыз көзі - халық.
Қазақстан Ата-заңында адам құқықтары мен бостандығы оған туғаннан бастап тиесілі екендігі бекітілген, және әрбір азамат кез келген сот инстанциясында өз құқықтарын қорғай алады. Әрбір Қазақстан азаматы өмір сүрудегі сөз бостандығына, сондай -ақ дін, еңбек және демалыс, денсаулық сақтау, ақысыз орта білім алу, еңбек ету, қызмет түрі мен мамандықты еркін таңдауға құқылы.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасы мемлекеттік меншікті де, жеке меншікті де таниды, ол екеуін де бірдей қорғауға кепілдік береді. Әр этнос өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар.
Елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады, бірақ Конституция ресми түрде мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдарда орыс тілін қолдануға рұқсат береді. Бірақ Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Осы жылдар ішінде қол жеткізілген барлық табыстар Конституцияның қағидасы мен рухына сәйкес жасалды. Нәтижесінде қазіргі заманғы мемлекеттік механизм мен құқықтық жүйе құрылды, тиімді экономиканың негізі қаланды.Бірліктің арқасында ғана қазақстандық қоғам жан-жақты дамып, алға жылжуда.
Біздің Отанымыздың барлық жетістіктері – Ата Заңы мен оның негізінде қабылданған заңдардың нәтижесі.
Динара Нұралиева,
Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығының белсенді мүшесі,
қалалық жалпы білім беретін №34 мектептің директоры
Ұқсас жаңалықтар
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Маңғыстауда түрлі мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды
-
Жамбыл жастары мемлекеттік қызметке түсу жолдарымен танысты
-
Талдықорғанда Көрісу күнінде үлкендерге құрмет көрсетілді
-
«Ақтөбе облысы кәрістерінің қазақ халқына алғысы» мүсіндік композициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті
23 Маусым, 15:15
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
28 Маусым, 16:35
«Барбанг» жастар комитетінің кезекті жиналысы өтті
23 Маусым, 18:56
22 маусым күні Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Грек Республикасының Қазақстандағы елшісі – Эфталия Какиопулумен кездесу кеші өтті
27 Маусым, 16:39
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы
23 Маусым, 11:03
Маңғыстауда Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының "ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДЫСТЫҒЫ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ" атты бизнес-форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Маңғыстауда түрлі мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды
-
Жамбыл жастары мемлекеттік қызметке түсу жолдарымен танысты
-
Талдықорғанда Көрісу күнінде үлкендерге құрмет көрсетілді
-
«Ақтөбе облысы кәрістерінің қазақ халқына алғысы» мүсіндік композициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті